RU

"Көп сөйлестік": Блогер Нағима Ахметова Денис Тенмен соңғы кездесуін есіне алды

Денис Тен блогерлармен бірге
Фото: Instagram/nagimuwaa

Instagram желісінде әзіл форматындағы видеоларымен танылған блогер ару Нағима Ахметова марқұм Денис Тенді есіне алып, екеуінің соңғы кездесуі қалай өткенін айтып берді. Белгілі спортшы құрбысына қандай жоспарларымен бөліскенін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

"Нагимуша" танымал мәнерлеп сырғанаушымен болған достығы туралы жан сырын ақтарып, оған деген сағынышын жеткізді. Белгілі блогер "Без монтажа" бағдарламасына берген сұхбаты барысында Денисті есіне алып, көз жасына ерік берді.

"Бұл күн әлі де есімде. Мен оған стендап жұлдызы болғым келетінін айтқанмын. Мен оны өзімнің өнер көрсетуіме шақырғым келген. Ол менің талантты екенімді айтып, міндетті түрде стендапқа қатысуым керектігін жеткізді. Сол күні көп сөйлестік. Ол қазіргі жастар қауымы өте тапқыр әрі белсенді екенін көп айтты. Ол әзілкеш қыздар мүлдем жоқтың қасы деп, маған өнерімді дамыту керек екенін түсіндірді. Өзінің алдағы уақытқа деген жоспарларымен бөлісті.
Ал ертесіне сол қайғылы жағдай орын алады. Мен өз-өзіме сенбедім. Біразға дейін өзіме келе алмай жүрдім. "Қалай болғаны? Ол кеше ғана бізді талантты деп айтып отырды ғой" деп ойладым. Денис жастарды екі қолмен қолдауға дайын адам болған" , - деді Нағима Ахметова.

Айта кетейік, бұған дейін "Нагимуша" ата-анасының ұлтаралық некеге қатысты ойы қандай болғанын айтқан еді. Блогердің жанұясы оның орыс жігітін бірден қабылдай қоймаған. Алайда, ер азамат ғашығының әке-шешесімен жеке танысып, олардың ойын түбегейлі өзгерткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884351-kp-sjlestik-bloger-nagima-ahmetova-denis-tenmen-sogy-kezdesuin-esine-aldy/