Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны екі аптада 1,7 есеге артқан

Опубликовано:

Көшеде адамдар келе жатыр
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Орталық комуникация қызметінде өткен онлайн брифингте Қазақстанның бас санитар дәрігері елдегі COVID-19 жұқтырудың жоғары деңгейін атап өтті. Республикада соңғы екі аптада бұл көрсеткіш 1,7 есеге артқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Соңғы 2 аптада ел өңірлердің көбісінде КВИ ауруының өсуі байқалуда: 26 қазан - 1 қараша кезеңінде 2 318 жағдай, 2 қарашадан 7 қарашаға дейін – 3 912 жағдай тіркелген. Ең жоғары деңгей (45%) - 1 755 факт Шығыс Қазақстан облысында анықталды", - деді елдің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов.

Оның мәліметінше, коронавируспен ауыратындар саны Қостанай облысында 4 есеге, БҚО -да 2 есеге, сондай - ақ, Павлодар облысында 2,7 есеге өскен. 26 қазан мен 1 қараша аралығында Қазақстанда коронавируспен 2318 адам, 2-7 қараша аралығында 3912 адам ауырған.

Айта кетейік, Ресей Қазақстанда коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасының өндірісін бастауы мүмкін.

Қазақстанда COVID-19 дертіне қарсы ресейлік вакцинаның өндірісін қолға алу мәселесі президент Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың телефон арқылы сөйлесуі кезінде талқыланғаны белгілі болды. Кремльдің ресми сайтында бұл пандемияға қарсы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылуы мүмкін екені жазылған.

"Спутник V" вакцинасы егілген үш медицина қызметкерінен коронавирус анықталғанын бұған дейін хабарлаған едік. Мамандардың айтуынша, вакцина екі компоненттен тұрады: адам бірінші инъекциядан соң үш аптадан кейін екіншісін алады.

Екінші вакцинациядан соң үш аптадан кейін ғана адам вакцинацияланған және сәйкесінше коронавирус инфекциясынан қорғалған болып саналады, өйткені осы уақыт аралығында иммунитет қалыптасу процесі жүреді.

Вакцина қабылдаған бірақ бүгінде COVID-19 анықталған дәрігерлердің иммунитеті коронавирус жұқтырған кезде мүмкін қалыптасып үлгермеген. Ақ халаттылардың ауру жұқтыруына тек осы себеп бола алады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884430-kazakstanda-koronavirus-zktyrgandar-sany-eki-aptada-17-esege-artty/

pixel