Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанға ұшып келген Ресей елшілігі қызметкерінен коронавирус табылды

Опубликовано:

Әуежайдағы шабадан
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтанға ұшып келген Ресей Федерациясының елшілігі қызметкерінен коронавирус анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.

Оның сөзінше, Ресей Федерациясы елшілігінің қызметкері елордаға ұшып келгеннен кейін ПТР-тест әдістемесімен тексерілген.

Тексеру нәтижесінде Ресей азаматынан коронавирус инфекциясы анықталыпты.

Байғабылов қазіргі кезде шетел азаматы 14 күндік карантинге жатқызылғанын атап өтті.

"Өзі толтырған анкетада ол Ресей азаматы екенін және сол елдің Сыртқы істер министрлігінде қызмет ететінін, Қазақстандағы Ресей Федерациясы елшілігіне келгенін көрсетті", - деді көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін орталық комуникация қызметінде өткен онлайн брифингте Қазақстанның бас санитар дәрігері елдегі COVID-19 жұқтырудың жоғары деңгейін атап өткен болатын.

Республикада соңғы екі аптада бұл көрсеткіш 1,7 есеге артқан.

"Соңғы 2 аптада ел өңірлердің көбісінде КВИ ауруының өсуі байқалуда: 26 қазан - 1 қараша кезеңінде 2 318 жағдай, 2 қарашадан 7 қарашаға дейін – 3 912 жағдай тіркелген. Ең жоғары деңгей (45%) - 1 755 факт Шығыс Қазақстан облысында анықталды", - деді елдің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов.

Сонымен қатар, Ресей Қазақстанда коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасының өндірісін бастауы мүмкін екенін де жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884520-nr-sltanga-syp-kelgen-resej-elsiligi-kyzmetkerinen-koronavirus-tabyldy/

pixel