Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дулат Ағаділдің ұлын өлтірді деген күдікті оқиғаның қалай болғанын айтып берді (видео)

Опубликовано:

Дулат Ағаділдің ұлы
Фото: Facebook/Талғат Мұхамеджан

Әлеуметтік желіде қоғам белсендісі марқұм Дулат Ағаділдің ұлы Жанболат Ағаділге "төбелес кезінде пышақ cұқтым" деген адамның видеосы тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видео Facebook желісіндегі Ел пікірі тобында жарияланды.

Видеодағы ер адам елордаға ата-анасымен бір жыл бұрын жұмыс істеуге келгенін айтып, досының шақыруымен оқиға орнынан барғанын, ол жерге барғанда біреуді ұру, өлтіру ойында болмағанан жеткізген.

"Барған кезде төбелес басталды. Төбелес арасында "пышақ ұрып қойдым" деген ол қаза тапқан адамның Жанболат Ағаділ екенін артынан білгенін, Жанболат досы да, қасы да еместігін, тек қашып бара жатып пышақ ұрып қойғанын айтып, марқұмның жақындарынан кешірім сұрады.

Sutnik Қазақстан агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, ресми орган тарапынан бейне жазба туралы, оның Жанболат Ағаділ қазасына байланысты іске қатысы бар-жоғы жайлы ешқандай мәлімет жарияланған жоқ.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, видеода 1999 жылы туған Өміржан Рахмет. Бұған дейін әлеуметтік желілерде оның суреті пайда болған еді.

Айта кетейік, 10 қарашада елордадағы Көктал шағын ауданында төбелес болып, пышақ жарақатынан 17 жастағы Жанболат Ағаділ көз жұмған.

Осыған дейін қайғылы оқиғаның кездейсоқ куәгеріне айналған Нұр-Сұлтан тұрғыны болған жайттың егжей-тегжейін айтып берген еді.

Ал кеше Жанболат Ағаділдің өліміне күдіктілер ұсталғаны белгілі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884566-dulat-agadildi-lyn-ltirdi-degen-kdikti-okigany-kalaj-bolganyn-ajtyp-berdi-video/

pixel