Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бір тәулікте тағы 588 адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

тәжвирустан жазылды
Көрнекі фото: 7news.kz

Елімізде өткен тәулікте 588 адамнан коронавирус инфециясы анықталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

"Қазақстанда өткен тәулікте 588 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды", - делінген ресми хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 44

Алматы қаласы - 42

Ақмола облысы - 35

Ақтөбе облысы - 7

Алматы облысы - 25

Атырау облысы - 14

Шығыс Қазақстан облысы - 197

Жамбыл облысы - 5

Батыс Қазақстан облысы - 42

Қарағанды облысы - 17

Қостанай облысы - 51

Павлодар облысы - 49

Солтүстік Қазақстан облысы - 57

Түркістан облысы - 3

Ал жалпы ел бойынша ауырғандар саны 121 051-ге жетті. Соның ішінде 109 643 науқас ауруынан айыққан.

Айта кетсек, 15 қарашада 630 қазақстандықтың коронавирус жұқтырып алғаны белгілі болған еді.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері эпидемиологиялық жағдайға қатысты жаңа қаулысын жариялаған болатын. Құжатқа сәйкес, бесінші сынып оқушыларына енді кезекші сыныптарда білім алуға рұқсат етілген.

Сондай-ақ Павлодарда мониторингтік рейд жүргізген полицейлер карантиндік шектеулерге қарамастан жұмыс істеген мейрамхананы анықтады. Қонақтар тәртіп сақшыларына есікті ашпай, іште бес сағат отырған.

Мейрамхана әкімшілігі есікті тек таңғы үш жарымда ашқан. Нәтижесінде, полиция бөлімшесіне 27 мейман мен сол барда жұмыс істеген жеті қызметкер жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884768-kazakstanda-bir-tulikte-tagy-588-adamnan-koronavirus-anyktaldy/

pixel