Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда мейрамхана қонақтары бес сағат бойы полицияға есікті ашпай қойған

Опубликовано:

Көпқабатты үйдегі кафе
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар полицейлері мониторингтік рейд кезінде карантиндік шектеулерге қарамастан жұмыс істеп жатқан екі барды анықтады. Бір мейрамхананың қонақтары полицейлер кетіп қалады деп үміттеніп, кафенің ішінде бес сағат бойы отырған.

Тәртіп сақшылары қаладағы лаундж-барлардың біріндегі би кешін тоқтатып, карантиндік шектеулерді елемегендерді ұстаған. Бұл туралы полиция департаментіне сілтеме жасаған Pavlodarnews.kz басылымы хабарлады.

Мейрамхана қонақтары пандемия кезінде қатаң түрде тыйым салынған кальянды шегіп отырған. Карантин талаптарын бұзғаны үшін көңіл көтеретін жерге келіп, кальян шеккен меймандар мен оған рұқсатын берген кафенің әкімшісіне де айыппұл салынды. Мейрамхана басшылығын да аса үлкен көлемдегі айыппұл күтіп тұр.

Дәл сол күні полиция бөлімшесіне қалада тағы бір көңіл көтеретін жердің карантинге қарамастан жұмыс істеп жатқаны туралы ақпарат түскен. Тәртіп сақшылары оқиға орнына жеткенде караоке-бардың іштен жабық тұрғанын анықтаған. Полиция қызметкерлеріне ешкім есікті ашпай қойғандықтан, олар мейрамхана алдына екі жасақтықалдыруды шешкен. Олар өз кезегінде қонақтар шыққан уақытқа дейін далада күтіп тұрған.

Нәтижесінде, тәртіп сақшылары караоке-бардың алдында бес сағат бойы тұрған. Алайда, таңғы сағат үш жарымда мейрамхана әкімшілігі есігін ашуды ұйғарды. Нәтижесінде, полиция бөлімшесіне 27 мейман мен сол барда жұмыс істеген жеті қызметкер жеткізілді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда кафенінің қоршауын бұзып қашқан адамдар видеоға түсіп қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884738-pavlodarda-mejramhana-konaktary-bes-sagat-bojy-policiaga-esikti-aspaj-kojgan/

pixel