Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Соғыс біткенімен, атыс жалғасуда": Белгілі дәрігер ел тұрғындарына ескерту жасады

Опубликовано:

дәрігер
Көрнекі фото: pixabay.com

Белгіл дәрігер Ғабит Нұрханұлы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында елімізде коронавирусқа бейжай қарап жүргендердің қарасы көп екенін айтып, көпшілікті сақ болуға шақырды. Ол қиын қыстау кезеңде той жасаудың арты жақсылыққа апармайтынын ескертті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

"Коронавирус басталғалы арасында жүріп ыстығына суығына көніп жүрміз. Казір коронавируспен ешкімді қорқыта алмайсың.

Әлемде ауырғандар саны кунделікті 600 мыңнан асып, қайтыс болатындар саны 9000 асады, бұл көктемгі көрсеткіштен екі есе жоғары деген жаңалыққа ешкім селт етпейді.

Елорда сары аймаққа енгелі ауырғандар саны көбейіп, ауруханада қазір 50 пайыздан астам төсек орындар толды. Реанимацияда дәрігерлер саны аз, жүктеме артты.

10-12 науқасқа жалғыз дәрігер. Медбикелер 8 сағаттық жеке қорғаныс киімдері ішінде 10-14 сағаттан жүр. Сол себепті әлеуметтік желіден қол үзіп қалдық.

"Сенімен аттас дәрігер қайтыс болды" деп естіп, іздеп амандығымды білген заңгер Ләззәт апкеме рахмет.

Бізді жұмыстан қуып құтылмаса, вирус ала қоймас. "Анау жоқ, мынау жоқ" деп айта бергеннен маған да тыныштық жоқ. Бірақ мен өзіме емес халық үшін, дәрігерлер үшін сұрап жүрмін.

Дәрігердің қайтыс болғаны рас, солтүстік аймаққа той ма, әлде құдалыққа барып, бірге болғандар ауырып келген. Қасындағылар шығып, бұл кісі қалып кетті.

Әр адамның өмірі санаулы, әр адамның өмірі қымбат. Теледидар беттерінде сақтаныңдар деп қатты да, жай да, жылап та айтып жүрміз. Соғыс біткенімен атыс әлі жалғасуда", - деді ол.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте Қазақстанда тағы 588 адамнан коронавирус анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884876-sogys-bitkenimen-atys-zalgasuda-belgili-driger-el-trgyndaryna-eskertu-zasady/

pixel