Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кентау-Түркістан тас жолында полицей көлігі апатқа түсіп, 6 адам зардап шекті (видео)

Опубликовано:

Көлік апаты
Видеодан кадр: polisia.kz

Сенбі, 14 қараша күні Түркістан облысында полицияның қызметтік көлігі шетелдік автомобильмен соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан алты адам зардап шеккен деп хабарлайды polisia.kz.

Құқыққорғау органдарында Кентау-Түркістан тас жолындағы жол апатына қатысушылардың бірі Nexia маркалы автокөлігі екенін мәлімдеді. Көліктер ауыл маңында соқтығысып қалған. Салдарынан алты адам - қос көлік жүргізушісі мен төрт жолаушы зардап шеккен.

"Nexia автокөлігінің жүргізушісі жол апатына кінәлі екенін мойындады. Тергеушілер оқиғаның анық-қанығын зерттеп жатыр", - деді полицияда.

Айта кетейік, 12 қарашаның түнінде оңтүстік астанада 39 жол апаты болды. Қала жолдарындағы жағдай ауа райына байланысты нашарлады.

Құқыққорғау органдары хабарланғандай, қалада бір кеште 39 жол апаты тіркелген, оның 9-ында зардап шеккендер бар. Кешегі жол апатының екеуінде қаза тапқандар да болған.

Осыған байланысты, Алматы полициясы көлік жүргізушілеріне қысқы дөңгелектерге ауысуға кеңес береді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жол ережелерін сақтау қажеттігін, көлік жүргізу мәдениетін көтерудің маңыздылығын еске салуда.

"Өзара сыйластық пен тәртіп - бұл жол қауіпсіздігінің кепілі және елдің ең ірі қалаларының бірінде жол апатын азайтудың шешуші факторларының бірі", - деп қорытындылады полиция.

Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің ресми Telegram-каналы түнде қалада 4 - 7 сантиметр қар, ал таулы аудандарда 10 - 12 сантиметр қар түскенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884937-kentau-trkistan-tas-zolynda-policej-kligi-apatka-tsip-6-adam-zardap-sekti-video/

pixel