Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы коронавирус бойынша "сары аймаққа" енді

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мәселелері жөнінде кеңес өтті. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады деп хабарлады аталмыш министрліктің ресми сайты.

"16 қарашадағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика сары аймақта тұр", - деді Цой.

Министрдің мәліметіне сәйкес, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облысы инфекция таралу қаупі жоғары қызыл аймақта тұр. Орташа қауіпті сары аймаққа Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары енгізілген. Қалған өңірлер салыстырмалы түрде инфекцияның таралу қаупі төмен жасыл аймаққа жатқызылып отыр.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, 2020 жылғы 1 қыркүйектен 16 қарашаға дейін елімізде 986 оқушы коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 288 жағдай тіркелді. Байланыста болған 3 122 адам анықталды, олардың 33-і індет жұқтырған.

ДДСҰ ақпаратына сенсек, елдерде қабылданған шараларға байланысты коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың төрт негізгі сценарийі бар. Сонымен қатар, Қазақстанда, Оңтүстік Кореяда, Сингапурде, Жаңа Зеландияда және Израильде індет бақылауға алынды.

"ҚР-дағы эпидемиологиялық ахуал соңғы екі айда оптимистік болжамға сәйкес өтуде, яғни қабылданған шаралардың нәтижесінде пессимистік болжам орындалған жоқ. Бұл потенциалды локдаунды бір айға шегеруге мүмкіндік берді", - деді Цой.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев денсаулық сақтау саласындағы өрескел заң бұзушылықтар туралы айтқан еді.

Сонымен қатар, Тоқаев үкіметке отандық вакцина шығару жөнінде тапсырма берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884958-almaty-koronavirus-bojynsa-sary-ajmakka-endi/

pixel