Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстаннан азаматтардың шетелге кетуі күрт азайған

Опубликовано:

Әуежайдағы шабадан
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлттық статистика бюросы мәліметі бойынша, 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстаннан халықтың кетуі 1,6 есе азайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресми статистика деректеріне сәйкес, 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға (ТТЖ) 21 079 адам кеткен, өткен жылы дәл осындай кезеңде бұл көрсеткіш 34 198 адам болған. Осылайша, ағымдағы жылдың тоғыз айында халықтың кетуі 1,6 есеге қысқарып отыр.

Эмигранттар саны бойынша бірінші орында орыстар, екінші орында - немістер, үшінші орында – украиндар, төртінші орында – қазақтар, бесінші орында – татарлар тұр. Жыл басынан бері аталған барлық этнос эмиграциясы күрт төмендеді.

Мәселен, 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда шетелге тұрақты тұруға кеткен орыстар саны 24 966 – дан 15 014 адамға дейін (1,7 есе), немістер – 2 388 – ден 1 658 адамға дейін (1,4 есе), украиндар – 2 258-ден 1 493 адамға дейін (1,5 есе), қазақтар-1 561-ден 911 адамға дейін (1,7 есе), татарлар-807-ден 559 адамға дейін (1,4 есе) қысқарды.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың қорытындысы бойынша елден 45 мың адам көшіп кеткен, 2018 жылы бұл көрсеткіш 42 мың адамды құраған.

Айта кетсек, осыған дейін Қазақстан халқы Ассемблеясының отырысында Елбасы елден кететін азаматтар үшін уайымдайтынын айтты. Тұңғыш президент "олар кеткен жаққа қарағанда жақсы жағдай жасасақ, кетудің қажеті не" деген сұрақ қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885021-kazakstannan-azamattardy-setelge-ketui-krt-azajgan/

pixel