Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал тележүргізуші бас продюсер қызметінен кететінін мәлімдеді

Опубликовано:

Мақсат Толықбай
Мақсат Толықбай. Фото: instagram.com/maksattolykbai

Танымал тележурналист, жақында Qazaqstan Ұлттық арнасының бас продюсері қызметіне тағайындалған Мақсат Толықбай эфирден кететінін мәлімдеді. Журналистің мұндай қадамға баруына келесі жылдың қаңтар айында өтетін мәжіліс депутаттарының сайлауына қатысатыны себеп болып отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Біздің порталымызға пікір білдірген Мақсат Толықбай журналист қандай да бір саяси партияда болмауы тиіс деген қағиданы берік ұстанатынын мәлімдеді.

"Бас продюсерлік қызметті сеніп тапсырған Ұлттық арна басшылығына рахмет. Бұл міндетті екі айдай атқардым. Бірінші желтоқсаннан бастап эфирден кетемін. "Ашық алаң" ток-шоуын да жүргізбейтін болдым. Бұған себеп – "Adal" партиясы атынан сайлауға қатысып көрмекпін. Ал журналист қандай да бір саяси партияда болмауы тиіс деген принципті ұстанамын.

Қазір қоғам нақты қадамдар күтеді. Парламент заң шығарушы орган ғана емес, онда қоғамның ең өзекті мәселелері түгел айтылуы керек. Бағымды сынап көрейін. Ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді. Нар тәуекел! Азаматтық қоғамның дамуына титтей де болса үлес қоссам деймін", - дейді Мақсат Толықбай.

Айта кетейік, Мақсат Толықбай көпшілікке 31 арнадағы" "Информбюро" арқылы танылып, еліміздегі танымал тележүргізушілердің қатарына қосылды. 

Көрерменнің көзайымына айналған Толықбайды "Еуразия Бірінші арнасы" өз қатарына тартып, қоғамдағы көптің көкейіндегі сауалдарға Ринат Зайытов екеуі жауап іздеген болатын. "Бір сұрақ" қоғамдық-саяси ток-шоуын да сауатты жүргізген Мақсатты телеарна басшылығы Нұр-Сұлтанға шақырып, "Еуразия Бірінші арнасының "Басты жаңалықтарын" сеніп тапсырды.

Одан кейін журналист Қазақстан Ұлттық арнасына барып, "Ашық алаң" ток шоуының тізгінін ұстады.

Кейінірек аталған арнаның бас продюсері қызметін қатар алып жүрді.

Еске сала кетсек, бұған дейін белгiлi тележүргiзушi Майя Бекбаеваның жаңа қызметке тағайындалғанын, сонымен қатар Бекболат Тілеуханның да жаңа құрылған комитетке төраға болғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885124-tanymal-telezrgizusi-bas-produser-kyzmetinen-ketetinin-mlimdedi/

pixel