RU

Белгiлi тележүргiзушi Майя Бекбаева жаңа қызметке тағайындалды

Фото
Фото: Хабар телеарнасы

Белгiлi тележүргiзушi Майя Бекбаева жаңа қызметке тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Майя Төлегеновна Бекбаева және Закиржан Пирмухамедович Кузиев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды", - делінген құжат мәтінінде.

Cонымен қатар президент өкімімен Юсуп Хасанович Келигов және Шерзод Аббозович Пулатов Ассамблея төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Айта кетейік, Майя Төлегенқызы Бекбаева 1979 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында өмірге келген.

Ол - журналист, тележүргізуші, редактор және продюсер. Қазақстан тарихы туралы көптеген танымал бағдарламалар мен деректі фильмдердің авторы.

Журналист жаңа қызметіне дейін яғни 2019 жылдың 24 сәуірінен бастап "Kazakh TV" халықаралық спутниктік телеарнасының бас директоры қызметін атқарған.

Еске салсақ, бұған дейін Әділбек Жақсыбековтің "ҚазТрансГаз" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалғанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ президент өкімімен Талғат Мамыртайұлы Қойбақов Қазақстан қарулы күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалған болатын.

Одан бөлек, 9 қарашада Мейіржан Юсупов ұлттық экономика вице-министрі қызметіне келді. Юсупов жаңа қызметіне дейін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ қазынашылық басшысы, экономика және қаржы жөніндегі директоры, бас директоры болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1884179-belgili-telezrgizusi-maja-bekbaeva-zaa-kyzmetke-tagajyndaldy/