jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Қауыннан чипсы жасаған қазақ ғалымын білесіз бе (фото)

Фото
Фото: Самлбек Қосанов/Facebook

Қызылордалық кәсіпкер қауыннан чипсы жасап шығаруда. Ерекше бастаманы ауыл шаруашылық ғылымының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымы Самалбек Қосан қолға алған деп жазады Егемен Қазақстан.

Самалбек Қосан "қазақша чипсы" жасау туралы идея қалай келгенін айтып берді.

"Бір күні жатақ­ха­­нада жататын студент сабаққа келмей қалды. Себебін сұрастырсам, чипсы жеп уланып қалыпты. Содан есіктің алдында тұрып, ізденушілердің бәрінен таңғы асқа не жегенін сұрауға көштім. Сонда көзімнің жет­кені, студенттердің 80-90 пайызы са­бақ­қа нәр татпай келеді. Бірінші пар аяқталған соң буфетке жүгіріп чипсы, кириешки алады. Оның қалай дайындалғанына бас қа­тыр­­майды. Соңында уланып қалып жатады. Осы оқиғадан кейін балалар мен жас­тардың сол сүйікті асын немен алмас­ты­руға болатынын ойланып жүрдім", - дейді Самалбек Қосан.

Қауын
Фото: Ақмешіт орталығы

Проблеманың шешімін іздеуде ғалым өзі­нің тәжірибесіне сүйенген. Ойындағысын жүзеге асырған соң, патент алуды қарастыра бастаған.

Бүгінде чипсы екі түрлі формада көпшілікке ұсынылып отыр. Айтуынша, қауын чипсыларын дайындау үшін Қызылорда облысында өсірілетін қанттылығы жоғары, кеш пісетін, қытырлақ қауындар пайдаланылады және оны дайындау үш ке­зеңнен тұрады.

"Алдымен піскен қауын мұқият тазаланып, кейін жұқа тілімдерге кесіледі. Үшінші кезеңінде дайын бөліктері 12 сағаттан аса уақыт кептіріледі. Бастысы өнім – экологиялық тұрғыдан таза", - дейді ол.

Қауын
Көрнекі фото: Ақмешіт орталығы/Нұрболат Нұржаубай

Самалбек Қосанның айтуынша, ерекше дәмнен ауыз тиген жандар бұл өнімнің тұрақты тұтынушысына айналады екен.

Айта кетейік, бұған дейін британиялық бойжеткен сырқатының салдарынан 10 жыл чипсы мен нан жеп келгенін және Англияда екі баланың анасы "чипсы" диетасынан көз жұмғанын жазған едік.

Қауыннан чипсы жасаған қазақ ғалымын білесіз бе (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.