jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Британиялық ару сырқатының салдарынан 10 жыл чипсы мен нан жеп келген

pxhere.com
Көрнекі фото: pxhere.com

Ұлыбританияның тұрғыны таңдамалы тамақтанудың психологиялық бұзылуына байланысты 10 жыл бойы тек чипсылар мен нан ғана жеп келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Известия-ға сілтеме жасап.

Ауру белгілері үш жасынан байқала бастаған екен. Қыз тамақтан мүлде бас тартқан, әсіресе оған тауық еті ұнамаған көрінеді. Тамақтанудың осы бір таңдап жеу әдетіне байланысты, ол есейген сайын әлеумет қатарында болған соң белгілі бір қиындықтарға тап болды.

Ол мектеп асханасында сыныптастарымен отырып, тамақтана алмады, сөйтіп бірте-бірте олардан да алыстай бастады. Дәрігерлер ұзақ уақыт бойы қызға дұрыс диагноз қоя алмаған, керісінше "тамақ ішуді бастау керек" деп кеңес беріпті.

Нәтижесінде қыз тек чипстер мен нан жейтіндей деңгейге жетті. Басқа кез келген өнім жесе, дүрбелең тудырып, құқысы келеді екен.

Әйтеуір дегенде сарапшылар британдық қыздың тамақтанудың таңдамалы ауруынан зардап шегетінін анықтай алды. Мұндай диагнозы бар емделушілер тамақтың иісіне, түсіне немесе құрылымына байланысты ұнамсыздықты сезінеді, тіпті дүрбелең шабуылдары да болады. Гипнолог-терапевт мәселені шешуге көмектесті. Емдеу екі сағаттық сессияда аяқталды, содан кейін қыз тауықтан жасалған бутерброд пен йогурт жей алды.

"Мен ананас жеп, көшенің ортасында жыладым", – дейді британдық қыз.

Қыз фобиядан құтылғанын отбасымен бірге атап өтті. Қазір 19 жастағы қыз қалағанын жейді. Оның сүйікті тағамы – ол бұрын түріне де қарай алмаған тауық еті.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде тамақ дайындап жатқанда дірілдей бастаған еттің видеосы тарап, көпшіліктің зәресін алғаны туралы жазған едік.

Британиялық ару сырқатының салдарынан 10 жыл чипсы мен нан жеп келген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.