RU

Қысылып қалған баланы құтқару үшін ондаған адам эскалаторда секірді

Эскалатор
Скриншот: chpsochi

Сочидегі сауда орталықтарының бірінде ондаған адам эсклаторға қысылған бүлдіршінді құтқарып қалды деп хабарлайды РЕН ТВ.

Куәгерлердің айтуынша, эскалатормен көтеріліп бара жатқан бүлдіршін кенеттен құлап кетіп, эксалаторға қолы қысылып қалады.

Эскалатор баспалдақтарына шайналып кетуге сәл-ақ қалған балақайды 20 шақты адам жабыла құтқарған.

Олар бірігіп, эскалатордың үстінде секіруге кіріскен. Осылайша, эскалатордың қозғалысын тоқтата тұруға мүмкіндік алған көпшілік балақайды шығарып алғанша уақыт ұтқан.

Бір минуттың ішінде баланың қолын эскалатордан шығарып үлгерген куәгерлер, оның тек кішігірім жарақат алғанын айтуда.

Қырағы әрі тапқыр куәгерлердің жедел әрекет етуі арқасында балақай бір ажалдан аман қалып отыр.

Еске салсақ, бұған дейін біз 87 жастағы кейуана айлакерлігінің арқасында ажалдан аман қалғанын жазған едік. Бұл жайттың видеосы желіде тарап, жұрттың қызу талқысына түскен.

Одан бөлек, Индонезияда үш күн бойы мұхитта қалқыған балықшы табылғанын жазған болатынбыз. Үш тәулік сусыз, ассыз болған азамат әбден әлсіреген. Ол жәшік ішінде отырғанның арқасында аман қалған.

Сонымен қатар Колумбияда балықшы екі жыл бұрын жоғалған әйелді су бетінде қалқыған күйінде тауып алғанын жазғанбыз. Теңіз бетінде ес-түссіз күйде табылған ол балықшының үрейін ұшырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885227-kysylyp-kalgan-balany-ktkaru-sin-ondagan-adam-eskalatorda-sekirdi-video/