jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Балаева Nickelodeon мен Disney өнімдерін қазақ тіліне аударуды ұсынды

тв
Көрнекі фото: pixabay.com

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің басшысы Мұрат Бақтиярұлының төрағалық етуімен «Ұлттық құндылықтар – рухани жаңғырудың негізі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел болды деп хабарлайды парламент сенаты сайты.

Дөңгелек үстел отырысына парламент сенатының депутаттарынан басқа ақпарат және қоғамдық даму, мәдениет және спорт, білім және ғылым министрліктерінің басшылығы, сондай-ақ Мәмбет Қойгелдиев, Асылы Османова, Рахман Алшанов, Уәлихан Қалижанов, Анар Фазылжанова және басқа да көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиында ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ұсыныс білдірді. Оның сөзін "ҚазАқпарат" агенттігі келтіреді.

"Біз бүгінгі жас өрендерге мемлекеттік тілді үйрету басты мақсатымыз деп санаймыз. Егер ойлансақ, бұл жаһандану заманындағы ұлттық бірегейлікті сақтаудың басты шарты", - деді Балаева.

Ведомство басшысы бүгінде балаларға тіл үйретудің негізгі құралы - мультфильмдер мен балалар әдебиеті екенін айтты. Сондықтан, оның пікірінше "Nickelodeon", "Disney" және "TiJi" сынды балалар телеарналарының өнімін қазақ тіліне аудару керек.

Сондай-ақ, оның министрлігі әлемдік деңгейдегі балалар әдебиетін, оның ішінде Е.Х.Гомрихтің "Әлемнің қысқа тарихын және Л.Кэрроллдың "Алиса ғажайып әлемінде" кітабын аудару қажет. Агенттік ақпарынша, Балаева ұсынған тізімде 20 кітап бар.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады.

Балаева Nickelodeon мен Disney өнімдерін қазақ тіліне аударуды ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.