RU

Алматыда жасырын есірткі зертханасы анықталды

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы полициясы есірткі зертханасын жою үшін арнайы операция жүргізді деп хабарлайды Қазақпарат.

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, арнайы жүргізілген операция барысында Абай даңғылының бойында "Hyundai" көлігі тоқтатылған. Көлікте екі ер адамның болғаны айтылды.

Тінту кезінде бір азаматтың қалтасынан "мефедрон" синтетикалық есірткі салынған орамалар табылған.

"Белгілі болғанындай күдіктілер "Жетісу" ықшамауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде жасырын есірткі дайындаған. Химиялық компоненттер – есірткі жасауға арналған заттарды, олар, тоңазытқышта сақтаған. Қонақ бөлмесінде ақ түсті ұнтақты зат, полиэтилен пакеттер (орауға арналған), өсімдік тектес жасыл және ақ түсті ұнтақты зат табылды. Жатын бөлмеде химиялық реагенттерді, синтетикалық есірткілерді шығаруға арналған түрлі компоненттерді, екі магнитті араластырғышты, желдеткішті және екі май радиаторларын сақтаған", - деді Алматы қаласы есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Алмағамбетов.

Ал үшінші күдіктінің жалдамалы пәтерде ұсталғаны да белгілі болды.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысы бойынша, тәркіленген заттар психотроптық зат "Меткатинон" (мефедрон) болып шыққан.

Алмағамбетов тәркіленген шикізат пен дайын өнімнің жалпы салмағы 10 келіні құрады. деп отыр. Оның сөзінше, ұсталғандар қамауға алынған.

Қазіргі уақытта олар қылмыстық кодекстің 297 бабы қылмыс белгілері бойынша тергеліп жатыр.

Еске сала кетсек, Түркістан облысының полицейлері шекарадан есірткі алып өтпек болған Өзбекстан Республикасының азаматын ұстаған болатын.

Сондай-ақ Қазақстанда "Борат24" интернет дүкені арқылы сатуды жүзеге асырған трансұлттық есірткі тобының көзі жойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885460-almatyda-zasyryn-esirtki-zerthanasy-anyktaldy/