Прокурор тексерісінің видеосынан кейін Цой ақ халаттыларға араша түсті
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде өзін прокуратура қызметкерімін деп таныстырған ер адамның СҚО ауруханасына келіп, санитарлық нормаларды бұзғаны үшін медициналық қызметкерлерден есеп алып жатқан сәті бейнеленген ролик тарады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Роликті өзінің Facebook парақшасында Алматы қаласының Орталық клиникалық ауруханасы нейрохирургия орталығының меңгерушісі Мыңжылқы Бердіхожаев жариялады.
Бейнежазбада өзін прокурормын деп таныстырған ер адамның дауысынан оның медициналық қолғап пен маска тақпаған дәрігерлерге ескерту жасап жатқаны естіледі.
Кабинетте отырған медқызметкерлер шай ішіп отырғандарын айтады. Бұл оларды камераға түсіріп тұрған ер адамның шамына тиген.
"Жұмыс уақытында ма? Бұлар қалай жақсы жұмыс істейді", - деп мысқылдайды кадрдағы дауыс иесі.
Осыдан кейін ер адам кабинеттен шығып, басқа есіктерді аша бастаған. Олардың бірінде екі медициналық қызметкер болған.
Ролик авторы өзін қайтадан құқық қорғау органы қызметкері ретінде таныстырып, полицейлермен бірге келгенін айтқан. Қысқа диалогтан соң ол екі әйелден сұрақ-жауап алу үшін кабинетте қалуларын сұраған.
"Қадағалау комитеті мүшелерінің дөрекілігі мен тәкаппарлығы. Қылмыскерлерден жауап алып үйренген. Олар мемлекеттің бет-бейнесі емес пе? Адамдарға деген қарым-қатынасы осындай ма?", - дейді Мыңжасар Бердіқожаев.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойда роликті өз парақшасында бөлісіп, бұл жайтқа қатысты пікір білдірді. Ол әріптестеріне араша түсіп, ведомство СҚО прокуратурасына сұрау салғанын айтты.
Министрдің сөзінше, құзырлы орган осындай жайттың расымен де болғанын, видео бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаған.
"Денсаулық сақтау министрлігі мұндай жайттарға бей-жай қарай алмайтынын және медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау үшін барлық шараларды қабылдайтынын атап өткім келеді. Коронавируспен күресу жұмысының күрделілігін және елдегі эпидемиологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі дәрігерлер мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің қажырлы еңбегін ескере отырып, мен барлығына шыдамдылық пен мықты денсаулық тілегім келеді!", - деп жазды Алексей Цой.
Еске сала кетсек, Қазақтанда коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне берілетін өтемақы тоқтатылды.
Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте 791 адамнан коронавирус анықталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885585-prokuror-tekserisini-videosynan-kejin-coj-ak-halattylarga-arasa-tsti/