Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да аудан әкімі қоныс аударушылардың шағымынан кейін қатаң сөгіс алды

Опубликовано:

Рүстем Елубаев
Фото: Бахытжан Көпбаевтың facebook парақшасынан алынды

Солтүстік Қазақстан облысында аудан әкімі оңтүстіктен қоныс аударушылардың берілген үйдің сапасына байланысты шағымынан кейін қатаң сөгіс алған. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың тапсырмасы бойынша қызметтік тексеріс жүргізілген.

Нәтижесінде Аққайың ауданында қоныс аударушыларға арналған үйлерді салу кезінде жіберілген бұзушылықтардың дер кезінде жойылмауына байланысты аудан әкімі Рүстем Елубаевқа қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза тағайындалған.

Сонымен қатар әкімдіктің баспасөз қызметі салынған үйлердегі анықталған ақауларды тез арада қалпына келтіру тапсырылғанын атап өтті.

"Облыс әкімі аудан басшылары мен мемлекеттік орган қызметкерлеріне мұндай бұзушылықтар үшін атқарып отырған лауазымды қызметінен босатуға дейін жауапкершілікке тарту қарастырылғанын ескертті", - деп хабардар етті СҚО әкімдігі.

Айта кетейік, бұған дейін оңтүстіктен қоныс аударғандар өздеріне берілген үйлердің қабырғасында жарық пайда болғанын, сылақтың түсіп жатқанын, дымқылдан едендер мен төбенің шіріп, жиһаздар мен киімдері көгеріп жатқанын айтып, шағымданған еді.

Еске сала кетсек, осыған дейін СҚО-да аурухананы тексерген прокурордың видеосынан кейін денсаулық сақтау министрі ақ халаттыларға араша түскенін жазған едік.

Сонымен қатар желіде "у шашудың" айғағы ретінде көкке көтерілген ұшақтың видеосы таралды. Видеоның Солтүстік Қазақстан облысында түсірілгені айтылды. Алайда бұл кезекті жалған ақпарат болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885643-sko-kimi-konys-audarusylardy-sagymynan-kejin-kata-sgis-aldy/

pixel