Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 10 адамды өлтірді деп айыпталған ер адамға сот үкімі шықты

Опубликовано:

Түрме
Көрнекі фото: acca.media

Алматы тұрғыны екінші рет өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, ол 2013 жылы сегіз адамды өлтіргені үшін сотталған. Колонияда отырған кезінде оның тағы екі адамның өліміне қатысы бары анықталған. Осылайша ер адам екінші рет өмір бойына бас бостандығынан айырылып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сотталушы 2013 жылы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, жазасын қауіпсіздігі жоғары "Қара Бүркіт" колониясында өтеуге жіберілген.

Сот оны 1997 жылы өзгертілген Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 96-бабы, 2-бөлігі, "а, ж, з" тармақтары бойынша жауапқа тартқан. Ол "алдын-ала сөз байласу арқылы, адамдар тобы жасаған екі немесе одан да көп адамды қасақана өлтіру" бабы бойынша кінәлі деп табылған.

Сонымен қатар ер адам Қылмыстық кодекстің 385-бабы, 3-бөлігі бойынша да сотталған.

8 адамның өліміне қатысты бас бостандығынан айырылған оның кейін колонияда болған кезде тағы екі әйелді өлтіруге қатысы бар екендігі анықталған.

Сотта хабарланғандай, 2001 жылы ер адам өзге екі азаматтың пәтерлерін иемдену үшін олардың сеніміне кіріп, жалдамалы үйге қонаққа шақырған.

Қонаққа келген пәтер иелерін сотталушы сыбайластарымен бірге жабылып өлтірген. Осылайша, пәтерлердің құжаттарына қол жеткізген қылмыскерлер жалған сенімхат арқылы пәтерлерді сатып жіберген.

Бүгін осы іске байланысты үкім Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шықты.

Сотқа қазылар алқасы қатысты. Сотталушы қайтадан кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін досының өлімі үшін айыпталған алматылық азаматқа сот үкімі шыққанын, түрін өзгертіп, Ресейге қашқан қазақстандық педофил 13 жылдан соң қолға түскенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885649-almatyda-10-adamdy-ltirdi-dep-ajyptalgan-er-adamga-sot-kimi-sykty/

pixel