RU

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 2020 жылғы 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Ресми мәліметке сүйенсек, Қазақстан оңтүстігінде ауа температурасы төмендейді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Ауа райын болжаушылар ұсынған ақпаратқа сәйкес, еліміздің басым бөлігі Солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады, дегенмен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерінде қар, оңтүстікте жауын-шашын күтіледі.

"Республикамыздың оңтүстік бөлігінде ауаның температурасы көпжылдық орташа мәннен 4...8℃ төмен күтіледі", - делінген хабарлама мәтінінде.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін синоптиктер 19-21 қараша аралығында ел аумағында ауа температурасы біртіндеп көтерілетінін мәлімдеген еді.

Сонымен қатар мамандар алдағы қыс қандай болатынын хабарлады.

Ауа райын болжаушылардың мәліметінше, 2020-2021 жылдардың қысы өткен жылғы қысқа ұқсас, яғни жылы және жауын-шашынды болады деп болжанып отыр.

Одан бөлек, ішкі істер министрлігі де жолдарда сақтық шараларын қабылдау қажеттілігі туралы ескертті.

Министрліктің хабарлауынша, жүргізушілердің жылдамдық режимін, көлік құралдары арасындағы қашықтықты сақтамауы - қыс мезгілінде орын алатын жол-көлік оқиғаларының басты себептері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885724-kazakstanda-demalys-knderi-aua-rajy-kandaj-bolady/