Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық дәрігер коронавирус пен тұмаудың айырмашылығын айтып берді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Нұр-Сұлтандағы көпсалалы медициналық орталығына қарайтын қалалық инфекциялық орталықтың басшысы Татьяна Цечоева коронавирус пен тұмаудың айырмашылығын айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы білікті маман орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында сөз етті.

Татьяна коронавирустың алғашқы симптомдары кез келген вирусты инфекция сияқты дене қызуының көтерілуі, бұлшықеттердің ауыруы, бас ауруы, иіс сезу қабілетінің әлсіреуі екенін атап өтті. Аурудың бұл белгілері бір уақытта, кейде тіпті жеке-жеке де байқалуы мүмкін дейді, орталық басшысы.

"Денеде әлсіздік байқалып, тер басады. Бұл белгілер байқалған жағдайда пациент жергілікті емханаға хабарласып, содан кейін бұл адамды емдеудің жолдарын қарастырады", - деді маман.

Сонымен қатар Татьяна Цечоева коронавирус пен тұмаудың айырмашылығы туралы да айтып берді.

"Осы вирусты аурулардың белгілерінің бәрі ұқсас. Алайда коронавирус инфекциясын жұқтырған адамда негізгі "нысана" - өкпе. Адамның өкпесінде тромб түзілуі мүмкін. Осыдан кейін бактериялық флораның белсенділігі күшейіп, өкпе қабынады. Егер ЖРВИ мен тұмау барысында вирусқа қарсы иммунитетімізді күшейтетін дәрілерді қабылдасақ, коронавирус жұқтырған кезде біз ол дәрілерді пайдаланбаймыз. Өйткені цитокинді сілкініс пайда болады. Ал бізге керісінше оны басатын препараттарды қабылдау керек", - деді Нұр-Сұлтандағы көпсалалы медициналық орталығына қарайтын қалалық инфекциялық орталықтың басшысы.

Еске сала кетсек, осыған дейін белгілі қазақстандық жұқпалы аурулар жөніндегі маман Амангүл Дүйсенова адамдарды қаншалықты тұмауға қарсы екпемен қамтамасыз етуге болатынын айтып, қазақстандықтар бір мезетте тұмаудың үш түрін жұқтыруы мүмкін екенін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885739-otandyk-driger-koronavirus-pen-tmaudy-ajyrmasylygyn-ajtyp-berdi/

pixel