Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар бір мезетте тұмаудың үш түрін жұқтыруы мүмкін

Опубликовано:

Тұмау
Көрнекі фото: pixabay.com

Белгілі қазақстандық жұқпалы аурулар жөніндегі маман Амангүл Дүйсенова адамдарды қаншалықты тұмауға қарсы екпемен қамтамасыз етуге болатынын айтып, қазақстандықтар бір мезетте тұмаудың үш түрін жұқтыруы мүмкін екенін ескертті деп хабарлайды zakon.kz.

Амангүл Дүйсенова биылғы жылы еліміздің тұрғындары үш түрлі жаңа тұмауды жұқтырып алуы мүмкін екенін ескертуде.

"Коинфекция болу қаупі жоққа шығарылмайды, яғни бір кезде екі немесе үш вирусты жұқтыру жайы. Сонымен қатар, 2020-21 жылдары шетелдерде тіркелген тұмау вирусының үш жаңа штаммы бойынша ауру күтілуде. COVID-19 пандемиясы кезіндегі тұмау мен ЖРВИ-дің белсенділік танытуы, әрине ол эпидемиялық жағдайдың күрт нашарлауына әкеліп соғуы мүмкін.

Зертханалардың жүктемесі артып, микс инфекция ПТР-тест индикаторларын анықтауда қиындықтар туғызуы ықтимал. Әсіресе, аралас инфекциялар кезінде, ауруханаларға шамадан тыс ауыртпалық артып, дәрі-дәрмектерге сұраныс жоғарылап, ауруханаға, соның ішінде жансақтау бөліміне жатқызуды қажет ететін науқастардың саны өсіп, әрине ауыр формалардың, өлім-жітімінің көбеюі ықтимал", - деді профессор өзі жариялаған ықтимал сценарий болжамында.

Маман вируспен күрес жолында мемлекеттің экономикалық шығындары ондаған млрд теңгені құрауы мүмкін екендігін жоққа шығармады.

"Жыл сайынғы шығын тек тұмау мен ЖРВИ кезінде 20 миллиард теңгені құрайды. Екпе Қазақстан Республикасы есебінен жүргізіледі, бірақ, өкінішке қарай, оның қамту деңгейі төмен болып қалады, халықтың шамамен - 10-12% -ы ғана. Бұл халықтың негізгі бөлігінде тұмаудың жұқтыру қаупі жоғары екендігін көрсетеді. Тұмау емес вирустарға қарсы вакциналар жоқ, оны өздеріңіз білесіздер", - дейді ол.

Еске салсақ, бұған дейін отандық дәрігерлер пандемияда бала сүюді жоспарламай қоя тұруға кеңес берген еді.

Одан бөлек, канадалық бас дәрігер коронавирус індетін жұқтырмау үшін төсек қатынасы кезінде бетперде тағуды ұсынғанын жазған болатынбыз.

Ал АҚШ дәрігерлері коронавирус дерті ер адамның әуретті жерін зақымдауы мүмкін деген болжам жасаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882281-kazakstandyktar-bir-mezette-tmaudy-s-trin-zktyruy-mmkin/

pixel