Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтай Көлгінов кафедегі жарылыстан көз жұмған қыздың туыстарына көңіл айтты

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Елордада дәмханадағы газ баллоны жарылуы салдарынан қаза тапқан қыздың отбасына көмек көрсетіледі. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

"Газ баллон жарылған кезде бөлмеде болған қыздың отбасы мен туыстарына көңіл айтамын. Марқұмның отбасына көмек көрсетіледі. Төтенше жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Жедел штаб құрылып, психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету үшін жедел желі 24-51-71, 24-51-47 құрылды", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ қала басшысы төтенше жағдайлар департаменті мен полиция департаментіне қаладағы басқа да қоғамдық тамақтану нысандарын өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырғанын мәлім етті.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда бүгін, 21 қарашада сағат 12.25-те дәмханадағы газ баллоны жарылған еді. Алдын ала мәлімет бойынша оқиға орнында бір адамның қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885799-altaj-klginov-kafedegi-zarylystan-kz-zmgan-kyzdy-tuystaryna-kil-ajtty/

pixel