Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тұрғындары жаралы аққуды тауып алды (фото)

Опубликовано:

Жаралы аққу
Жаралы аққу: Алматы тұрғыны түсірген фото

Алматы тұрғындары қаладағы аудандардың бірінен Қызыл кітапқа енген аққуды тауып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жергілікті тұрғынның айтуынша, құс бірінші шағын аудандағы 59 үйдің маңына құлаған.

Болжам бойынша, ауа температурасының төмен болуы салдарынан аққу дұрыс ұша алмаған.

Жерге құлаған кезде алған соққысынан құс жарақат алған болуы мүмкін. Өйткені оның қанаты қанға боялыпты.

Кейінірек, аққуды құтқару мүмкін болмағаны, оның өлгені хабарланды.

Жаралы аққу
Жаралы аққу: Алматы тұрғыны түсірген фото

Еске сала кетсек, БҚО-да мұзға қатып қала жаздаған аққулар құтқарылғанын хабарлаған едік.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, оқиға 18 қараша күні Жәнібек ауданы орталығындағы Жәнібек ауылында болған.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне сенсек, құстар таңғы уақытта мұзға жабысып қалған. Тұрғындар құстардың айналасындағы мұзды жарғанымен, аққуларды алып шыға алмаған. Түнгі уақытта мұзға жасбысқан күйде қалып қойса, құстар тоңып, өліп кетуі мүмкін екеніне алаңдаған куәгерлер әкімдікке хабарласқан.

Одан бөлек, Солтүстік Қазақстан облысында ұсталған азаматтың автокөлігінің жүк салғышынан аққу табылғанын жаздық.

Белгілі болғандай полицияға Бескөл аңшылық шаруашылығының қорықшысы хабарласқан.

Ол Мәмлүт ауданының Леденево селосының маңында "БМВ" маркалы автокөлікті тоқтатқанын, көліктің жүк салғышынан басы кесілген аққудың табылғанын жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885805-almaty-trgyndary-zaraly-akkudy-tauyp-aldy-foto/

pixel