Каспийде "қаза тапқан" сарбаздың видеосы: курсанттың әкесі қазақстандықтарға үндеу жасады (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Желіде Каспий теңізіндегі қайғылы жайттан қаза тапты деген "сарбаздың" видеолары тарап жатыр. Алайда бұл ақпарат жалған болып шықты. Қазақстандық Талғат Кұлманов "Каспийдегі қайғылы жайттан көз жұмған сарбаз" деп тарап жатқан видеодағы жігіт ұлы екенін және ұлы аман екенін мәлімдеді. Ол қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ/NUR.KZ.
Threads желісінде "Каспийде қаза тапқан сарбаздың әкесімен видеоқоңырау арқылы сөйлескен сәті" деген видео тарап жатыр.
"Желіде Каспийдегі жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің бірінің видеоқоңырауы тарады. Жазбада жас сарбаз әкесімен сөйлесіп, оны қатты сағынғанын айтады. Қазір бұл сөздер өте ауыр естіледі", - деп жазады Qara.kz желілік басылымы.
Аталған видеоны желі қолданушылары бөлісіп, талқылап жатыр.
Алайда Қорғаныс министрлігі видеодағы сарбаз тірі екенін мәлімдеді. Әскери қызметшінің әкесі Талғат Кұлманов қазақстандықтарға үндеу жасады, ол бұған дейін ұлымен видеоқоңырау арқылы сөйлескен Reels жазбасын өзі жариялаған болатын.
Ол қазақстандықтардан әлеуметтік желідегі ұлының қаза тапқаны туралы жалған ақпаратқа сенбеуді сұрады. Оның айтуынша, ұлы қазіргі уақытта курсант (яғни, әскери атақ немесе арнайы біліктілік алу үшін оқу орнында білім алуда - ред. ескертпесі).
Ер адам мұндай видеоларды таратпауды өтінді. Сондай-ақ Кұлманов Каспий теңізіндегі төтенше жағдайда қаза тапқан мерзімді қызметтегі сарбаздардың отбасына көңіл айтты.
- Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін лауазымды тұлғалар ұсталды: Бозымбаев ІІМ есебін тыңдады
- Каспийдегі қайғылы оқиға: министрлік тірі қалған үшінші әскери қызметші туралы айтты
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2433573-kaspiide-qaza-tapqan-sarbazdyng-videosy-kursanttyng-akesi-qazaqstandyqtarga-undeu-zhasady-video/
