jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматылықтар қала ортасындағы ағаштардың кесілгеніне шағымданды

    Алматыдағы кесілген ағаштардың орны
    Фото: facebook.com/alexey.kurapov

    Алматылықтар қала ортасындағы ағаштардың кесілгеніне шағымданды. Желіде қырқылған ағаштардың фотолары пайда болды. Алматылықтардың сөзінше, бұл Төле би көшесінің маңында бірнеше жылдан бері өсіп тұрған емен ағаштары деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ағаштар Жароков пен Әуезов көшелерінің арасындағы Төле би көшесінің маңында кесілген. Желі қолданушылары ағаштың босап қалған орнын түсіруде.

    Алматы қаласы жасыл экономика басқармасы жағдайға қатысты пікір білдірді. Анықталғандай, басқармасы ағаштарды кесуге рұқсат бермеген.

    "Басқарма қызметкерлері оқиға орнында аудандық әкімдік өкілдері мен Алматы полиция департаментімен бірге кесілген ағаштар мен құқық бұзушының нақты түрлік құрамын анықтау үшін жұмыс істеп жатыр.

    Кінәлі тұлғалар анықталған соң Алматы полиция департаментімен бірге жауапкершілікке тартатын боламыз. Кейінірек, тексеру нәтижелері бойынша толық ақпарат береміз", - деді ведомство.

    Еске сала кетсек, Алматы тұрғындары қаладағы шағын аудандардың бірінен жаралы аққуды тауып алған еді.

    Болжам бойынша, ауа температурасының төмен болуы салдарынан аққу дұрыс ұша алмаған.

    Жерге құлаған кезде алған соққысынан құс жарақат алған болуы мүмкін. Өйткені оның қанаты қанға боялыпты.

    Кейінірек, аққуды құтқару мүмкін болмағаны, оның өлгені хабарланды.

    Айта кетейік, 8 қараша күні кешкісін Алматының тау бөктерінде өрт шығып, оны сөндіруге отыздан астам маман жұмылдырылған.

    ТЖД таратқан ақпаратқа сәйкес, өрт сөндірушілер Медеу ауданының "Бұлақ" саяжай серіктестігі маңына жеткен.

    Алматылықтар қала ортасындағы ағаштардың кесілгеніне шағымданды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.