Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтандағы кафедегі жарылыс: ТЖМ оқиғаның мән-жайын айтты

Опубликовано:

Елордадағы жарылыс
Фото: ТЖМ

21 қарашада елордада кафеде болған жарылысқа қатысты оқиғаның мән-жайын Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайты жариялады.

Газ баллоны жарылып, салдарынан өрт шыққаны туралы хабарлама ТЖД-ға 21 қараша күні сағат 12:25-те түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 10 минутта жеткен.

Олар жарылыс салдарынан екі қабатты коттеджге жапсарлас салынған құрылыс пен қазандықтың ішінара қабырғалары және шатыры құлағанын анықтаған. Сонымен қатар 20 шаршы метр көлемде жапсарлас салынған құрылыс пен қазандықтың шатыры жанғаны белгілі болған. Жарылыс салдарынан ас үйдің шатыры құлаған. Жалпы 600 шаршы метрдің 100 шаршы метрі қираған.

Елордадағы жарылыс
Фото: ТЖМ

Елордалық құтқарушылар жанып жатқан кафеден 35 газ баллонын алып шыққан.

Сондай-ақ олар үйінді арасынан 1998 жылы туған қызды алып шыққан, ол жабық бас ми зақымын алған.

Төтенше жағдайдан кейін жедел медициналық көмек бригадасы 34 адамды ауруханаға жеткізген. Оның ішінде 11-і дәрігер қарағаннан кейін үйлеріне жіберілсе, 23-і ауруханаға жатқызылған. Зардап шеккен адамдардың барлығы дәмхана жұмысшылары.

Өкінішке қарай, 52 жастағы ыдыс жуушының өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Ол оқиға орнында қайтыс болған.

Елордадағы жарылыс
Фото: ТЖМ

Сонымен қатар жарылыс салдарынан үш автокөлікке зиян келген. Өрт себебі әлі анықталған жоқ. Полиция сот алды тергеу жұмыстарын бастады.

Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға орнына 172 ТЖД қызметкері, полиция мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, дәрігерлер, сондай-ақ 56 бірлік техника жұмыс істегенін айта кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1886018-nr-sltandagy-kafedegi-zarylys-tzm-okigany-mn-zajyn-ajtty/

pixel