Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленский коронавирустан жазылды

Опубликовано:

Украина президенті
Фото: Twitter

Украина президенті Владимир Зеленский коронавирустан жазылып шықты. Оның COVID-19 инфекциясына тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткен деп хабарлайды РИА Новости.

9 қазан күні Украина президенті Владимир Зеленский мен кеңсе басшысы Андрей Ермак коронавирус жұқтырғаны белгілі болған еді. Кейінірек олар ауруханаға жатқызылды.

Ал бүгін Зеленский коронавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткенін, қазір қалыпты режимде жұмыс істеуге көшкенін мәлімдеді.

"Көңіл-күйім жақсы, дене қызуым 36,6. Тест теріс нәтиже көрсеткеніне қуаныштымын. Банковойдамын (Украина президент кеңсесі орналасқан көше), жұмыс істеп жатырмыз", - деді президент өз Telegram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Владимир Зеленский Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесіп, коронавирус вакцинасын жеткізуге көмек сұраған еді.

Украина басшысы елдің қазіргі уақытта COVAX халықаралық қоры аясында әзірленіп жатқан коронавирус вакцинасына қолжетімділігін кеңейту туралы өтініш білдірген.

"Біз Biontech неміс фирмасы мен америкалық Pfizer компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинаны жасауда қол жеткізген жетістігін құптаймыз. Бұл өте жігерлендіретін жаңалық. Мен сізден коронавирусқа қарсы вакцинаны жеткізуді жоспарлау кезінде Украинаның мүдделерін ескеруге көмектесуіңізді сұраймын", – деген еді Владимир Зеленский.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886037-zelenskij-koronavirustan-zazyldy/

pixel