Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатерлі ісік тудыруы мүмкін": Отандық дәрігер тырнақ бояудың қауіптілігін ескертті

Опубликовано:

Тырнақ бояу
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматылық лор дәрігер Злата Паручикова тырнақ бояулары қатерлі ісік ауруына алып келуі мүмкін екенін айтып, дабыл қақты. Ақ халатты бояулардың тырнаққа ауа жібермеуі түрлі ауруларға әкеліп соқтыруы мүмкін екенін ескертуде деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Дәрігер, әсіресе лакты ультракүлгінді сәулемен кептірген қауіпті екенін айтуда.

"Әйелдер жақсы көретін гель-лак түрлі ауру тудырады. Оның ішінде тырнақ саңырауқұлағы, меланома яғни қатерлі ісік бар. Мұның барлығы тырнаққа ауа жетпегенде пайда болады. Яғни үздіксіз боялған тырнақтарда осындай аурулар пайда болады", - дейді лор дәрігер Злата Паручикова.

Маман бұл тақырыпты әбден зерттегенін алға тартты. Боялған тырнақ жүкті әйелдерге зиян тигізетін болып шықты. Десе де, тырнақ бояу табысты бизнестің бір түріне айналған.

Алматыда бір ғана сұлулық салоны айына кем дегенде 150 қыз-келіншектің тырнағын әрлейді екен.

"Кез келген әйел адам әдемі болып жүргісі келеді. Ал негізі уақыты бұның 2-3 апта. 3 аптадан артық ұстауға болмайды. Кейбір клиенттер бар бізде 3 айға дейін жүреді. Бір жасап. Ол уже жасатқаннан кейін тырнаққа ауа бармайды. Тырнақтың асты қарая бастайды. Сол үшін уақытында жасату керек", - дейді тырнақ шебері Айгүл Рахымғалиева.

Мамандардың айтуынша, үздіксіз боялған тырнақ күндердің бір күні бүліне бастайды. Ал оны қалпына келтіру үшін жарты жылға дейін уақыт кетуі ғажап емес. Алайда қыз-келіншектердің дені тырнақ бояуының зиянын біле тұра ескермейді екен.

Дәрігерлер болса, адам ағзасындағы өзгерістер әуелі осы тырнақтан байқалатынын айтуда. Мәселен, созылмалы аурулар пайда болғанда немесе дәрумен жетпегенде тырнақтың сыртқы қабаты қабыршықтана бастайды.

Ә. Лесбек

Еске салсақ, бұған дейін адамдарда тәттіге әуестік не себепті пайда болатынын хабарлаған едік.

Одан бөлек, ұзақ өмір сүру үшін күнделікті қанша уақыт ұйықтаған дұрыс екенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886088-otandyk-driger-tyrnak-boau-katerli-isik-tudyruy-mmkindigin-ajtyp-dabyl-kakty/

pixel