Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжілісмендер кейбір мұғалімдерге қосымша ақы төлеуді ұсынды

Опубликовано:

ұстаз
Көрнекі фото: inbusiness.kz

Мәжіліс депутаттары сабақтан тыс спорт сабағын жүргізетін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуді ұсынды. Тиісті заң жобасы төменгі палатаның жалпы отырысында екінші оқылымда мақұлданды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мәжілісте кейбір заңнамалық актілерге экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралды.

Заң жобасын екінші оқылымға әзірлеу кезінде депутаттар бірқатар түзету енгізген.

"Сабақтан тыс спорт сабақтарын жүргізгені үшін мұғалімге қосымша ақы белгілеуді көздейтін, сондай-ақ жекелеген нормаларды нақтылайтын және заң жобасының мазмұнын жақсартатын түзетулер енгізілді", - деді экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Сәкен Өтебаев.

Сондай-ақ заң жобасында зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жас шектеулерін төмендету нормасы көзделген.

Мәжіліс заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтар біліктілік санаты үшін қосымша ақы алатынын айтқан еді.

Бұған дейін біліктілік санаттары үшін қосымша төлемдерді тек мектеп мұғалімдері алған. Енді "Педагог мәртебесі туралы" заңның қабылдануымен колледж педагогтері де біліктілік санаты берілгеннен кейін ай сайын қосымша ақы алатын болады.

Сонымен бірге әлеуметтік желіде қашықтықтан оқытуға байланысты мұғалімдердің жалақысы қысқарады деген ақпарат тараған болатын. Алайда Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари бұл мәліметті жоққа шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886192-mzilismender-kejbir-mgalimderge-kosymsa-aky-tleudi-syndy/

pixel