Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Самат Смақов "Ақтөбе" клубының дауына қатысты бар шындықты айтты

Опубликовано:

Самат Смақов
Самат Смақов. Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал футболшы Самат Смақов "Ақтөбе" клубының бас директоры қызметінен кетуіне қатысты бар шындықты айтты. Спортшы ұзақ уақыт бойы ақпарат өкілдерімен тілдеспей, ешкімге сұхбат бермей келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Самат Смақов "Ақтөбе" футбол клубының басшылығынан не себепті кеткенін ашық айтты. Оған бірқатар маңызды факторлар түрткі болған. Клубтың бірінші лигаға ұшып кетуі мен үлкен көлемдегі қарызы белгілі спортшының директорлығынан кетуіне елеулі әсер еткен.

Танымал отандық аяқдопшы бұл жаулы мәселеге қатысты өз шындығын "Paparazzi" бағдарламасында айтты.

"Мен өз еркіммен кеткем жоқ. Оның өз себебі бар. Біріншіден, команда бірінші лигаға ұшып кетті. Бұл жайттың орын алатыны о бастан-ақ белгілі болды. Себебі, бұл қарыздарға қатысты хикая бұрыннан жалғасын тауып келе жатыр. 2-14-2015 жылдардан бастап, қайтарылмаған қарыздар бар. Алты-жеті жылда қандай сомма жиналып қалғанын ойлап көріңіз. Оған қоса, бізден ұпай санын алып тастап отырды. Ешкім орынды сақтай алмайтыны анық еді.
Егер де мен клубқа барып, оны алмасам ол банкрот болып, "Ертіс" клубы секілді жабылып қалар еді. Сол себепті, мен онда барып, өз атым мен абыройымды бәске қойдым. Бұның барлығын клуб үшін істедім. Мен клубты сақтап қала алдым, тарихты сақтадым. Биыл олар суперлигаға шығыпты. Жігіттер, жарады. Олар үшін қуаныштымын" , - деді Смақов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886226-samat-smakov-aktbe-klubyny-dauyna-katysty-bar-syndykty-ajtty/

pixel