Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Комаровский коронавирусты жұқтырып алмаудың ең тиімді әдісін атады

Опубликовано:

Евгений Комаровский
Фото: ren.tv / әлеуметтік желілер

Атақты педиатр және тележүргізуші Евгений Комаровский коронавирусты жұқтырмаудың тиімді әдісі туралы айтты деп хабарлайды ren.tv.

Жоғары санатты дәрігер, жазушы және тележүргізуші өзінің YouTube-тегі каналында ешқандай дәрі-дәрмектер жаңа вирусты жұқтырмауға 100% кепілдік бере алмайтынын атап өтті.

"Өкінішке қарай, бір ғана жолмен ауырып қалудың алдын алуға болады, бұл - вакцинация деп аталады. Не себепті, "өкінішке қарай" деп отырмын - себебі, әзірге бәрімізге қолжетімді сенімді әрі қауіпсіз вакцина жоқ", - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, дәрігердің пікірінше, коронавирусты жұқтыру ықтималдығы екі факторға байланысты: науқас адаммен байланысқа түскен кезде вирустың қаншалықты сізге еніп үлгергендігі, сондай-ақ науқаспен байланыс кезіндегі адам иммунитетінің деңгейі.

Комаровский коронавирус өршіген уақытта денеде ылғалдың жетіспеушілігін сезінбеу маңызды екенін алға тартты. Ол дертті жұқтырудың алдын алу жолында ауыз бен мұрынның шырышты қабығын тұзды сумен шайып, бөлмелердегі ауаны ылғалдандырып отыруға кеңес берді.

Еске салсақ, бұған дейін ғалымдар кейбір адамдардың жаурағыш болуының себебін анықтаған болатын.

Одан бөлек, АҚШ-тың Луизиана штаты Жаңа Орлеан қаласындағы Тулейн университетінің ғалымдары ұзақ өмір сүру үшін күнделікті қанша уақыт ұйықтаған дұрыс екенін анықтаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886329-komarovskij-koronavirusty-zktyryp-almaudy-e-tiimdi-disin-atady/

pixel