Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыға мерзімі өткен ПТР-анықтамасымен ұшып келген Ресей азаматы депортацияланды

Опубликовано:

Әуежайдағы шабадан
Көрнекі фото: pixabay.com

Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Алматыға Түркиядан мерзімі өтіп кеткен ПТР анықтамасымен ұшып келген Ресей азаматының депортацияланғанын мәлімдеді. 2020 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Египет, Түркия, Корея, БАӘ, Ресей Федерациясы, Грузия, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан және Германиядан 13 халықаралық әуе рейсі келді деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың ресми Telegram каналы.

1 420 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 328 адам, анықтамасыз 91 адам - ҚР азаматтары келді. Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 4 рейс, 191 жолаушы, анықтамамен - 184, анықтамасыз - 7;
  • Алматы қаласының әуежайына - 9 рейс, 1 229 жолаушы, анықтамамен - 1145, анықтамасыз - 84.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. ПТР-талдау нәтижелері бойынша бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген Ресей Федерациясының азаматы, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.

Айта кетейік, елімізде коронавирус инфекциясынан өткен аптада 46 адам көз жұмғаны белгілі болды.

Оған қоса, бүгін Елбасының қатысуымен өткен Nur Otan съезінде Нұрсұлтан Назарбаев пандемия кезіндегі үкіметтің жұмысына оң баға берген болатын.

Сонымен қатар, Қазақстанның тұңғыш президенті қазақстандықтарға жаңа пандемияға дайын болу керек екенін айтқан болатын. Ол халықты барынша сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886505-almatyga-merzimi-tken-ptr-anyktamasymen-syp-kelgen-resej-azamaty-deportacialandy/

pixel