Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Он баласы бар көкшетаулық ерлі-зайыптыны өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты

Жарияланған күні:

Пышақ
Көрнекі фото: 1obl.ru

Көкшетауда егде жастағы ерлі-зайыптыны өлтірді деп айыпталған жігіт сотталды. Сот отырысы Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Істі алқабилер қарады. Іс материалдарына сәйкес, сотталушы Көкшетауда 2020 жылдың сәуір айының соңында он баласы бар егде жастағы ерлі-зайыптыны өлтіріп кеткен.

Қылмыскер түнгі уақытта Есенберлин көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерге кіріп, үй иесін қатыгездікпен өлтіреді.

83 жастағы ер адам мен оның 77 жастағы әйелінің мәйіті 30 сәуір күні таңғы уақытта табылды. Қылмыскер оларды буындырып, пышақпен кескілеп тастаған.

Қайғылы жағдай орын алардан бірнеше күн бұрын марқұмдардың пәтеріне белгісіз біреудің кірмек болғаны анықталды. Шабуылдаушылар балконға бөтелке лақтырып, әйнекті сындырған.

Күдікті ретінде Щучинск қаласының 24 жастағы тұрғыны ұсталды. Қылмыс болған күні ерлі-зайыптының үйінен алтын салынған қорапша мен екі кілт ұрланған.

Сотталушы Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылды:

191-бабы 3-бөлігі 3-тармағы – тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп жасалған тонау;

24-бабы 3-бөлігі – қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу;

188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы – тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлікке заңсыз кіріп жасалған ұрлық;

192-бабы 3-бөлігі 4-тармағы – қарақшылық;

99-бабы 2-бөлігі 1, 3, 5, 8-тармақтары – екі немесе одан да көп адамды өлтіру;

287-бабы 1-бөлігі – қаруды заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау және алып жүру.

Күдікті 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтейді.

Сонымен қатар сотталушы жәбірленуші тарапқа келтірілген моральдық зиян үшін 20 миллион теңге төлейді. Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысының полицейлері дәрілік препараттарды заңсыз тасымалдау контрабандасының жолын кескенін жазған едік.

Одан бөлек, Алматы облысында 34 жастағы әйелді көлікте пышақтап өлтіріп кеткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886523-on-balasy-bar-kksetaulyk-erli-zajyptyny-ltirip-ketken-kylmyskerge-sot-kimi-sykty/