jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы бас лицензиясынан айырылды

М. Тынышпаев атындағы ҚазҰТА
Фото: lissin.kz

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот шешімімен М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы бас лицензиясынан айырылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сотта әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 464-бабы 2-бөлігіне сәйкес ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының білім беру қызметін жүргізуге рұқсат беретін бас лицензиясынан және оның қосымшаларынан айыру туралы қаулысына қатысты академияның шағымы бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сот Білім және ғылым министрлігінің Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бас лицензиясынан айыру туралы шешімін өз күшінде қалдырып, қаулыны министрліктің пайдасына қабылдады.

Академияның білім беру қызметіне қатысты комитет тарапынан жүргізілген тексеріс барысында анықталған бұзушылық фактілерін де сот растады», – деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласындағы М.Арынов атындағы мектептің бес бірдей ұстазы білім саласын бақылау департаментінен көмек сұраған. Олар баласына "бестік" баға сұраған ата-ананың әрекетіне шағымданған.

Сондай-ақ, ата-аналардың чатында балаларды суицидке итермелейтін танымал компьютерлік ойын туралы ақпарат тарап жатыр. Еліміздің білім министрлігіне қарасты балалардың құқықтарын қорғау комитеті осыған қатысты пікір білдірді.

Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы бас лицензиясынан айырылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.