Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аягөзде көз жұмған бүлдіршіндер кімнен, не үшін таяқ жеді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Pixabay.com

Аягөз қаласында арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығында болған тәрбиеленушілердің өліміне қатысты іс әлі аяқталған жоқ. Баспасөз бетінде жарияланған мәліметті полиция қызметкерлері де ішінара растап отыр. Орталықта көз жұмған балалардың үшеуінің денесінен жарақат анықталған. Алайда тексеріс жүргізген комиссия мүшелері олардың өліміне "жарақаттың қатысы жоқ" екенін жеткізді деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Осы жылдың көктемінде арнайы орталықтағы төрт тәрбиеленушінің өлімі қоғам арасында үлкен дау тудырған еді.

Басылым беттерінде балалардың зорлық-зомбылықтан қайтыс болғаны туралы ақпараттар көп жазылды.

Кейін эксгумация және екі коммиссиялық сот-медициналық сараптамасы жүргізілді. Соның нәтижесінде үш баланың денесінде жарақат бары расталған.

Алайда құзырлы орындар оның балалар өліміне қатысы жоқ деген пікірде.

Сараптамаға сүйенген мамандар, олар өкпе фиброзы, екі жақты іріңді пневмония сияқты жанама аурудан көз жұмғанын атап өтті.

Осы жағдайға қатысты Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Елдос Зәкімов пікір білдірді.

"Ауыр дене жарқатын алу фактісімен қылмыстық істер бөлек өндіріске шығарылып, ары қарай тергеуге полиция департаментіне жіберілді. Қазіргі уақытта тергеу басқармасымен аталған дене жарақаттарын анықтауға қосымша шара қабылданады", - деді ведомство өкілі.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске салсақ, бұған дейін досының өлімі үшін айыпталған алматылық азаматқа сот үкімі шыққанын, түрін өзгертіп, Ресейге қашқан қазақстандық педофил 13 жылдан соң қолға түскенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886776-aagzde-kz-zmgan-bldirsinder-kimnen-ne-sin-taak-zedi/

pixel