Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында 100-ге жуық көлік қар құрсауында қалған (фото, видео)

Опубликовано:

Жамбыл2
Фото: instagram.com/jambyl_tjd

Жамбыл облысында ауа райының күрт бұзылуына байланысты 100-ге жуық қар құрсауында қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірдің Төтенше жағдай департаментінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД мәліметінше, Түркістан облысы жағынан 585 шақырым жерде қар үйіндісі жиналған.

Ал Жамбыл облысы бағытының 564-567 шақырымында қалың қар жауып, салдарынан 100-ге жуық жүк көлігіне жолдың аталған бөлігін тазартуды күтуге тура келген.

Сонымен қатар жүк көліктерінің кептелесіне осы аумақта 6 жеңіл көліктің соқтығысуы да себеп болған.

Аталған учаскелерде ТЖ департаментінің және жол қызметінің қызметкерлері жұмыс атқарған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар тас жолдарда бірнеше жол апаты болған еді.

Өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғаларының көбі тіркелмеген. Себебі жүргізушілер полицияға немесе медициналық мекемелерге жүгінбеген.

Дегенмен, департамент "Ақтау-Жаңаөзен" тас жолында "КамАЗ" маркалы көліктің жүргізушісі көктайғақ салдарынан рөлге ие бола алмай аударылып қалғанын, "Ақтау-Ақшұқыр" тас жолында көктайғақтан Toyota Hilux маркалы автокөлік жолдан шығып кеткенін жеткізді.

Сонымен қатар Алматыда 12 қарашада қар жауғаннан кейін бір түнде 39 жол апаты болған еді. Салдарынан 9 көліктегі адам зардап шеккен. Тағы екі адам қайтыс болған.

Айта кетсек, Қазгидромет өкілдері осыған дейін 28, 29 және 30 қарашада кей өңірлерде қалың қар жауып, көктайғақ, бұрқасын және желдің күшеюі күтілетінін хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887010-zambyl-oblysynda-100-ge-zuyk-klik-kar-krsauynda-kalgan-foto-video/

pixel