Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көктайғақ, бұрқасын, жел: Қазақстанда күн суытады

Опубликовано:

көлік
Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер алдағы үш күнге - 28,29,30 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды Қазгидромет.

Болжамға сәйкес, қараша айының соңында Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады.

Ол өзімен бірге қар әкеледі, жекелеген өңірлерде қалың қар, сондай-ақ көктайғақ, бұрқасын және желдің күшеюі күтіледі.

Алайда кезеңнің ортасынан бастап ауа райын кең антициклон анықтай бастайды, онымен жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Еске сала кетейік, Маңғыстауда ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар тас жолдарда бірнеше көлік апаты болды.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғаларының көбі тіркелмеген. Себебі жүргізушілер полицияға немесе медициналық мекемелерге жүгінбеген.

Айта кетейік, Алматыда 12 қарашада қар жауғаннан кейін бір түнде 39 жол апаты болған.

Құқық қорғау органдары хабарланғандай, қалада бір кеште 39 жол апаты тіркелген, оның 9-ында зардап шеккендер бар. Тағы екі адам қайтыс болған.

Айта кетейік, елімізде ауа райы бұзылып, көктайғақ басталғаннан кейін жол апаты көбейді. Мәселен, 21 қарашада Павлодар облысында тас жолда болған апаттан екі көліктің жүргізушісі де қайтыс болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886934-kktajgak-brkasyn-zel-kazakstanda-kn-suytady/

pixel