Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталмаса да Нью-Йоркте мектептер қайта ашылып жатыр

Опубликовано:

АҚШ-тағы мектеп
Көрнекі фото: Michael Loccisano/Getty Images

Нью-Йорк билігі елдегі коронавирусқа қатысты жағдайдың мәз еместігіне қарамастан, мектептерге қалыпты режимді жұмыс істеуге рұқсат беру туралы шешім қабылдады деп жазады Про Буквы порталы.

29 қараша, жексенбіде Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио мектептегі күндізгі оқыту қайта жалғасатынын және аптасына сабаққа бару күндерінің саны 5-ке дейін ұлғайтылатынын мәлімдеді.

Қала басшысының айтуынша, кейбір мектептерде 7 желтоқсаннан бастап бастауыш және дайындық сыныптары ашылады, ал басқа оқу мекемелерінің дайындығына қосымша уақыт қажет болады.

Атап айтқанда, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған білім берудің барлық деңгейіндегі мектептер 10 желтоқсаннан бастап жұмыс істейді.

Айта кетейік, Нью-Йорктегі мектептер қыркүйек айында ата-аналары күндізгі оқуға келіскен оқушыларды қабылдай бастаған, алайда қараша айының басында апта сайын жүргізілген жаппай тестілеу кезінде тұрғындардың 3 пайызынан коронавирус анықталған.

Осыдан кейін 19 қарашада мектептерді жабу туралы шешім қабылданған.

Студенттер үшін де оқу жалғасады, бірақ олар мұғалімдермен қоса коронавирусқа үнемі тексеріліп отырмақ. Бұрын қалада айына оқушылар мен мұғалімдердің 20 пайызын тесттен өткізу міндеті қойылса, қазір апта сайынғы тестке баса ден қойылған.

Еске салсақ, бұған дейін Еуропаның кей елдерінде коронавирусқа байланысты қабылданған карантиндік шаралар жеңілдей бастағаны туралы жазған едік.

Елдегі жағдайға оралсақ, Алматыда қыркүйектен бастап 115 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887073-nu-jorkte-mektepter-kajta-asylyp-zatyr/

pixel