RU

Қазақстанда екі апталық локдаун енгізіледі деген ақпарат рас па

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

WhatsApp мессенджерінде алдағы уақытта Қазақстанның аумағында екі апталық локдаун енгізілетіні туралы хабарлама тарап жатыр. Онда, тіпті азық-түлік дүкендері де жабылып, дәріханалар ғана бұрынғы режимде жұмыс істейтіні айтылған.

StopFake.kz сайты таратқан мәлеметке сүйенсек, Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген.

"Бұл жалған ақпарат. Қазіргі уақытта қатаңдату шараларын қабылдау жоспарланып отырған жоқ. Бірде-бір өңірде бұндай мәселе көтерілмеді", - деп хабарлады комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Осы орайда маман медициналық бетперде тағудың және әлеуметтік арақашықтықты сақтаудың маңыздылығын тағы да еске салды. Сондай-ақ, ел тұрғындарын адамдар көп жиналатын орындарға бармауға шақырды.

Сообщение, рассылаемое казахстанцами
Скриншот рассылки: Stopfake.kz

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 770 адам тіркелген. Қазіргі уақытта ел бойынша коронавируспен ауырғандар саны 133 118-ге жетті.

Ал әлем бойынша қауіпті дертке 64 271 331 адам шалдыққан. Вирусты жұқтыру бойынша бірінші орында Америка Құрама Штаттары тұр. Мұхиттың арғы жағында орналасқан елде 14 миллионнан астам адамнан COVID-19 анықталған.

Коронавирус жағдайының тіркелу бойынша екінші орында Үндістан (9 499 710), үшінші орында Бразилия (6 388 526) тұр.

Одан бөлек, қазақстандық белгілі астролог Ирина Әбдірайымова желтоқсан айына болжам жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887497-zelide-kazakstanda-eki-aptalyk-lokdaun-engiziledi-degen-akparat-tarady/