Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұржан Әлтаев депутаттарға жалақы негізсіз төленетінін айтты

Опубликовано:

Әлтаев
Фото: © Sputnik / Владислав Воднев

Қоғам қайраткері, мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев Қазақстанның қарапайым азаматтары мен парламентшілердің жалақысы арасындағы алшақтық туралы айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Депутаттар әртүрлі жалақы алады. Көптеген критерий, жұмыс өтілі ескеріледі. Менің жалақым барлық шегерімдерді алып тастағанда 500 мың теңге болды. Өңірлердегі азаматтардың табысы 60-80 мың теңгеден аспайтынын ескерсек, мұндай алшақтықты әділетсіз деп санаймын", - деп хабарлады ол.

Сондай-ақ, Нұржан Әлтаев парламент депутаттарына жалға берілетін пәтерден кетіп қалғанын айтты.

27 қарашада Нұржан Әлтаев El Tiregi өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағы негізінде өз партиясын құратынын мәлімдеді. Ол Қазақстанда саяси плюрализм жоқ екенін, тек Nur Otan партиясы бар екенін айтты.

30 қарашада Орталық сайлау комиссиясы өз қаулысымен Нұржан Әлтаевты депутаттық мандаттан айырды. Кейін депутатты партиялық тәртіпті бұзғаны үшін Nur Otan партиясынан шығарғаны белгілі болды.

Айта кетейік, Әлтаевтың cөзінше, партиядан шығу партия басшылығымен келіспей, ашық пікір білдіруге мүмкіндік береді.

"Мен партия тәртібін құрметтеймін, бірақ Қазақстан халқына одан да зор құрметпен қараймын. Мен халықтың өтінішіне бейжай қарай алмадым, кейде менің депутаттық сауалым фракцияның келісімін алмайтын. Триггерге осы жылдың жазы себеп болды.  Пандемия кезінде адамдар қайтыс болды, пандемиямен күресуге бөлінген қомақты қаражатқа қарамастан, адамдар медициналық көмек ала алмады", - деп сөзін бастады экс-депутат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887527-nrzan-ltaev-deputattarga-zalaky-negizsiz-tlenetinin-ajtty/

pixel