jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда жол апатына түскен екі көлік аударылып қалды (фото)

    Жол апаты
    Оқиға орны. Фото: zakon.kz

    Алматыдағы шығыс айналма жолында үш автокөліктің қатысуымен жол апаты болды. Апат салдарынан екі көлік аударылып қалған деп хабарлайды Zakon.kz.

    Mitsubishi Pajero мен Mercedes C-class шығыс айналма жолда солтүстік бағытта қозғалғаны анықталды. Диваев көшесіне жетпей көліктер соқтығысып қалған.

    Куәгердің айтуынша, неміс көлігі жол талғамайтын көліктің артынан соққан. Содан соң Mercedes бетон бағанаға соғылып, одан артқа жүріп, қайтадан жолға түскен.

    Жол апаты
    Оқиға орны. Фото: zakon.kz

    Ал Mitsubishi бетон бағанаға соқтығысып, аударылған. Mercedes көлігі болса қарсы бағытқа шығып кетіп, Hyundai Sonata-ға соқтығысқан.

    Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері келді.

    Еске сала кетсек, Жамбыл облысында қолайсыз ауа райы салдарынан Батыс Еуропа - Батыс Қытай тас жолында жүзден астам автокөлік кептеліп қалды.

    Қарлы боран шамамен 300 метр жолды басып қалған. Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылындағы жолда жаппай жол апаты болды. Салдарынан Жамбыл - Түркістан облыстары арасындағы автокөлік қозғалысы тоқтатылған.

    Айта кетсек, бұған дейін Жамбыл облысында ауа райының күрт бұзылуына байланысты 100-ге жуық жүк көлігі қар құрсауында қалғанын жазған едік.

    Кейін ТЖ өкілдері жолды тазартқан соң көліктер қозғалысын жалғастырған.

    Сонымен қатар, Маңғыстау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар тас жолдарда бірнеше жол апаты болған еді.

    Алматыда жол апатына түскен екі көлік аударылып қалды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.