Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жиі түсік тастайды": Танымал емші әйелдердің бала сүйе алмауының басты себептерін атады

Опубликовано:

Фото
Фото: pexels.com

Ел арасында шипалы алақанымен танылып, сәби сүйе алмаған жүздеген ананың бала көтеруіне септігін тигізген оралдық емші Анар Рамазантегі қазіргі әйелдерде ең көп кездесетін ауруларды атады. Ол қыз-келіншектерде инфекцияның тым жиі кездесетінін және көптеген болашақ аналардың өз денсаулықтарына атүсті қарайтынын жеткізіп, дабыл қақты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Күн сайын бір балаға зар болған қаншама келіншектің мұңын тыңдаймын. Маған келетіндердің қатарында бірнеше жыл бұрын шаңырақ көтерсе де, әлі күнге дейін сәби исін аңсағандар көп. Олардың басым бөлігі жұмыс пен күнделікті күйбең тірлікті желеу етіп, денсаулығына көңіл бөле алмағандар. Әрине, қолымнан келгенше емін жасаймын, маған келіп балалы болып жатқандарға шын жүрегіммен қуанамын. Бірақ қыз-келіншектердің, болашақ ананың денсаулығы мықты болуы тиіс. Соны қазіргі жастар ұмытпаса екен", - дейді ал арасында "Ұмай ана" атымен танылған емші.

Емшінің айтуынша, бала сүйе алмаған көптеген келіншектер түрлі инфекцияларды жұқтырып, жатыр түтікшесінің бітелуінен және жиі түсік тастаудан зардап шегеді.

"Менен ем сұрап, Алладан бала тілеп келетін көптеген әйелдің басты проблемасы – инфекция. Уреаплазма, гарднерелла, сифилис, цитомегаловирус, хламидияларды дер кезінде емдемесе, мұның арты үлкен проблемаға жолықтырады. Сондай-ақ, маған келетіндердің қатарында жиі түсік тастап, бала тұрақтамайтындар, жатыры қисайғандар және жатыр түтікшесінің бітелуінен зардап шегетіндер бар. ЭКО-дан тауы қайтып, әбден баладан үмітін үзген талай келіншек алдымнан өтті. Шүкір, бәрі де сәбилі болып, артынан екіншісіг көтеріп жататыны қуантады. Мәселен, жатыр түтікшесінің бітелуін медицинада ота арқылы емдейді. Мен отаға жүгінбей-ақ емдеп шығамын. Бүгінге дейін еліміздің әр түкпірінде дүниеге келген сәбилерімнен қуанышты хабар алып отырамын. Мен үшін бұдан асқан бақыт жоқ", - дейді емші Анар Рамазантегі.

Еске салсақ, бұған дейін Сингапурда келіншек COVID-19-ға қарсы антиденесі бар баланы өмірге әкелгенін жазған едік.

Одан бөлек, Павлодарда анасы көшеге тастап кеткен бір жасар бала әжесіне берілгенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887621-zii-tsik-tastajdy-tanymal-emsi-jelderdi-bala-sje-almauyny-basty-sebepterin-atady/

pixel