Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Ақжайық» футбол клубы банкрот болуы мүмкін: БҚО әкімдігі жағдайды түсіндірді

Жарияланған күні:

"Ақ Жайық" футбол клубының ойыншылары
Фото: "Ақ Жайық" футбол клубының баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысында кәсіби спорт клубтарының бюджетін қысқарту көзделуде. Соның есебінен үнемделген қаражат балалар мен жасөспірімдер спортын, бұқаралық спортты дамытуға жұмсалмақ. Бұл туралы БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді деп жазады ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында «Қаржы жетіспеушілігі жағдайында кәсіби спорт клубтарын толықтай бюджет қаражаты есебінен ұстаудың маңыздылығы жоқ», деп атап көрсеткен болатын.

Облыста қазіргі таңда үш кәсіби спорт клубы бар. Олар «Ақжайық» футбол клубы, «Ақжайық» допты хоккей клубы және волейбол командасы.

Қаймен Есендияровтің сөзінше, биыл «Ақжайық» футбол клубына 635 млн теңге бөлінген. Індетке байланысты бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты тек күзде ғана, екі ай мерзімде өткен еді.

«Ақжайық» футбол клубы алдағы жылы Премьер-лигаға қайта оралуды мақсат етеді. Бас бапкер де жаңадан тағайындалады.

«Ақжайық» футбол клубының қосымша құн салығына қатысты 200 млн теңге қарызы әлі жабылған жоқ. Оны бюджет есебінен жабу мүмкін емес. Заңды тұлға өз міндеттемелерін орындай алмаса, оны тарату немесе банкрот деп тану рәсімдері жүзеге асырылады. Қазіргі кезде басқарма бұл мәселені зерделеу үстінде. Әрине, «Ақжайық» футбол клубы жойылып кетпейді. Мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес, команданы конкурс арқылы қаржыландыру жүргізіледі. Бұл ретте, жастар және балалар футболына баса мән бермекшіміз» , - деді Қаймен Есендияров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887655-akzajyk-futbol-kluby-bankrot-boluy-mmkin-bko-kimdigi-zagdajdy-tsindirdi/