Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"300 жастағы әруаққа" тұрмысқа шыққан көпбалалы ана елді таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

Әруаққа тұрмысқа шыққан келіншек
Фото: newsyou.info

Ұлыбритания азаматшасы Аманда Тиг өз махаббатын 18 ғасырда өмір сүрген пираттың "әруағынан" тауып, бүгінде оның заңды әйелі атанып алды. Көпбалалы келіншектің айтуынша, оның жолдасы 300 жыл бұрын қайтыс болып кеткеніне қарамастан, олар "өзге ғашықтар секілді кездесулерге барып, ұрысып, тіпті төсек қатынасына да түседі" екен.

45 жастағы келіншек шынайы өмірде ешкіммен жарасып кете алмағандықтан, өз бақытын о дүниеден іздеуге кіріскенін айтуда. Адам сенгісіз махаббат оқиғасы туралы newsyou.info сайтында жазылды.

Бес баланың анасы мен 1700 жылдары ашық теңізде қарақшылықпен айналысқан Джек есімді азаматтың махаббат хикаясы 2014 жылы бастау алған. Аманда түнде төсекте жатып, өзінің қасында біреудің бар екенін сезгенін сөз етті.

Қызығы, көпбалалы келіншек әруақпен бірнеше жыл кездесіп жүріп, олардың некесін заңдастыра алатын адамды да тауып алыпты. Ол үш жүз жыл бұрын қайтыс болған пиратпен теңіздің қақ ортасында некесін қиды. Әйел адам, тіпті некелесу шарасына әруақтармен сөйлесе алатын медиумды да шақырған.

Әруаққа тұрмысқа шыққан келіншек
Фото: newsyou.info

Бүгінгі күні Аманда әруақтар әлемінде өз ғашығын тапқысы келетіндер үшін арнайы кітап жазуда.

"Ол секілді мені ешкім түсіне алмайды. Ол менің нағыз жақын сырласым. Мен сондай бақыттымын. Қарым-қатынастың дәл осы түрі мен үшін мінсіз болып табылады. Әруақтармен байланысуға болатынын білмейтін адамдар өте көп. Алайда, олардың арасынан біреуі сізге сәйкес келуі мүмкін. Мен ондай жандарға көмектескім келеді", - деді ол.

Марқұм пиратқа тұрмысқа шыққан Аманда Тиг шынайы өмірде Солтүстік Ирландияда әйгілі кино кейіпкері Джек Воробей кейпіндегі аниматор болып қызмет етеді. Оның сөзінше, осы жұмысы оны болашақ жолдасымен тоғыстырды.

Әруаққа тұрмысқа шыққан келіншек құрбыларымен
Фото: newsyou.info

Көпбалалы ана бастапқыда әруақпен байланысқысы келмегенін алға тартты. Алайда, медиумның арқасында ол ғашығымен сөйлесіп, оны одан бетер жақын тани бастаған екен. Қос ғашық үнемі бірге болып, нәтижесінде Аманданың жүрегінде махаббат сезімі ояныпты.

Пираттың жары онымен төсек қатынасына түсетінін де ашып айтты. Оның сөзінше, әруақпен төсектес болудың тірі ер адаммен бірге болудан еш айырмашылығы жоқ.

Алайда, қалыңдық өзінің күйеуін ешқашан көрмеген. Ол оны Джонни Депп сомдайтын Джек Воробейге қатты ұқсайды деп санайды.

Әруаққа тұрмысқа шыққан келіншек
Фото: newsyou.info

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887814-300-zastagy-ruakka-trmyska-sykkan-kpbalaly-ana-eldi-tagaldyrdy-foto/

pixel