Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сырттарынан жауып кеткен": Қостанай облысында екі бүлдіршін түтінге тұншығып өлді

Опубликовано:

Кадр
Видеодан кадр: КТК

Қостанай облысында қос бүлдіршін түтінге тұншығып өлді. Ата-анасы 2 және 4 жастағы баласын сыртынан жауып, көрші ауылға азық-түлік алуға кетіпті. Осы кезде жер үй отқа оранған. Әке-шешесі қызыл жалын ортасынан балаларды алып шыққанымен, бейкүнә сәбилерді аман алып қалу мүмкін болмады деп жазады КТК телеарнасы.

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай Фрунзенское ауылында орын алған.

Балалар бөлмесінен шыққан өрт әп-сәтте бүкіл жиһаз бен заттарды шарпып үлгерген екен. Қызыл жалынға оранған баспанадан бүлдіршіндерді әке-шешесі өзі алып шыққанымен, түтінге әбден тұншыққан қос сәби қаза тапқан. Ата-анасының оларды үйге  жалғыз тастап кеткені белгілі болды.

Бұл жағдайға қатысты Қостанай облыстық төтенге жағдайлар департаментінің бас маманы Гүлдана Әлмағамбетова пікір білдіріп, жергілікті тұрғындардан балаларды үйде жалғыз қалдырмауды сұрады.

"Балалар отпен ойнап, өрт шығуы мүмкін деп болжап отырмыз. Ал олардың өліміне улы түтін себеп болған шығар. Нақтысын тек сот-медициналық сараптамасынан соң ғана айта аламыз. Ал тұрғындардан баланы жалғыз қалдырмауды өтінеміз", - деді ол.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда 21 қарашада кафеде газ баллоны жарылған еді. Төтенше оқиғаның салдарынан екі адам қайтыс болды.

Төтенше жағдайдан кейін жедел медициналық көмек бригадасы 34 адамды ауруханаға жеткізген. Оның ішінде 11-і дәрігер қарағаннан кейін үйлеріне жіберілсе, 23-і ауруханаға жатқызылған. Зардап шеккен адамдардың барлығы дәмхана жұмысшылары.

Сонымен қатар жарылыс салдарынан үш автокөлікке зиян келген. Өрт себебі әлі анықталған жоқ. Полиция сот алды тергеу жұмыстарын бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887949-syrttarynan-zauyp-ketken-kostanaj-oblysynda-eki-bldirsin-ttinge-tnsygyp-ldi/

pixel