Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда полицейлер кальян шеккен 23 адамды жауапкершілікке тартты (видео)

Опубликовано:

кальян шеккен қыз
Көрнекі фото: b-hookah.ru

Демалыс күндері жамбылдық полицейлер қоғамдық орындарда кальян шеккені үшін 23 адамға айыппұл салды деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 27 және 28 қарашасында полиция қызметкерлері Тараз қаласының ойын-сауық мекемелерінде құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдтік шаралар өткізді.

Тексеру барысында 19 ойын-сауық мекемелерінде ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда темекі өнімдерін (кальян) тұтынуға тыйым салуды бұзу) 23 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Осы құқық бұзушылық үшін 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 41 670 теңге айыппұл көзделген.

Ойын-сауық мекемелерінің иелеріне қоғамдық орындарда темекі өнімдері мен кальянды тұтынуға тыйым салу туралы ескерту парақтары берілді.

Рейд барысында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу туралы ақпараттық парақтар таратқан.

Сонымен қатар, Тараз қаласының дәмханалары мен барларының әкімшілігіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірқатар бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік тартылатыны туралы ескертті.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін кальянның адам денсаулығына қаншалықты зиян екені туралы жазған болатынбыз.

Кальян аса қауіпті емес деп айтылғанмен, дәрігерлер зерттеулер нәтижесінде оның өкпе ауруын, жүрек қан тамырларының ауруын және рак тудыруы мүмкін екенін анықтаған.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887983-tarazda-policejler-kalan-sekken-23-adamdy-zauapkersilikke-tartty-video/

pixel