Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде 22 градусқа дейін аяз болады

Опубликовано:

Аула көрінісі
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазгидромет 8 желтоқсанда Қазақстанның алты облысында дауылдық ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен республиканың оңтүстік-шығысында және солтүстік-шығысының кей жерлерінде қар жауады.

Қазақстанның қалған аймақтарында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, солтүстікте жел күшейеді.

Мәселен Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз бұрқасын күтіледі.

Павлодар облысында күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі.

Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде де тұман күтіледі.

Қарағанды ​​облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Дауылдың ықтималдығы 70-75%.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 17-22 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

Ал Маңғыстау облысының солтүстігінде 22 градусқа дейін қатты аяз сақталады.

Еске салсақ, бұған дейін биыл қазақстандықтар Жаңа жыл мен Рождество мерекесінде неше күн демалатынын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар Қазақстанның мемлекеттік бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты. Құжат денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1888197-elimizde-22-graduska-dejin-aaz-bolady/

pixel