Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда 22 жастағы қызды жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген

Опубликовано:

қыззз1
Көрнекі фото: pixabay.com

Көкшетаудың 24 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол қала тұрғынын жезөкшелікке итермеледі деген күдікке ілінген деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, ақмолалық полицейлер бірнеше рет сотталған 24 жастағы қала тұрғынын ұстаған.

"Ұсталған адам 22 жастағы қыздың тәуелді материалдық жағдайын пайдаланып, оны интимді қызмет көрсетуге мәжбүрлеген", - делінген полицияның хабарламасында.

Ұсталған тұрғынға қатысты "Жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу" бабы бойынша іс қозғалған.

Полицияның мәліметінше, 24 жастағы азаматша өз кінәсын мойындаған. Одан бөлек, куәгерлердің де жауаптары бар.

Енді қала тұрғыны 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласындағы зәулім үйде жұмыс істеген боди-массаж салоны әшкере болғанын жазған едік.

Полиция тексерісті 27 қараша күні түнгі уақытта жүргізген. Жұмыс орнында өзін массажист ретінде таныстырған 13 жеңіл жүрісті қыз және қызметкерлер арасында жұмыс көлемін бөлетін әкімші болған.

Тәртіп сақшылары тексеріс жүргізген кезде зәулім үй адамдарға толы болыпты. Жезөкшелікпен айналысқан әйелдер де, олардың клиенттері де полицияға жеткізілген.

Сондай-ақ бұған дейін Жамбыл облысында жезөкшелердің үш притоны жабылғанын жазған едік.

Одан бөлек, 18 қарашада Тараздағы сауықтыру кешенінен жезөкшелер притоны анықталғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1888247-kksetauda-22-zastagy-kyzdy-zynystyk-kyzmet-krsetuge-mzbrlegen/

pixel